Ерлан Қошанов Amanat партиясының төрағасы болып сайланды

Сурет: akorda.kz
Amanat партиясының төрағасы болып Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов сайланды. Оның кандидатурасын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынды, деп хабарлайды, Zakon.kz.

Оның кандидатурасын партия мүшелері кезектен тыс XXIII съезде қолдады.

Amanat партиясы – президенттің қоғамдық тірегі, реформалар партиясы және Жаңа Қазақстан құру партиясы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа және менің әріптестеріме сенім білдіргені үшін тағы да алғысымды білдіремін. Ерлан Қошанов

Мемлекет басшысы Ерлан Қошановтың ұйымдастыру қабілеті жоғары, тәжірибелі әрі білікті азамат екенін атап өтіп, бұл өзгерістер партияның жаңаруына жол ашатынын айтты.

Бүгінгі өзгерістер Аmаnаt-тың заман талабына сай жаңара түсуіне жол ашады. Партия елімізді өркендетуге өз үлесін қоса беретіні сөзсіз.Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат өмірден өтті