Тоқаевқа «Самұрық-Қазынаны» реформалаудың ІІ-кезеңін іске асыру барысы баяндалды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президентке «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамын реформалаудың екінші кезеңінің жүзеге асырылып жатқаны туралы баяндалды. Бұл кезеңде негізінен портфельдік компаниялардың тиімділігін арттыруға, олардың шығындарын оңтайландыра отырып, нарықтағы құнын ұлғайтуға баса мән беріліп отыр. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру да аса маңызды, делінген Ақорда хабарламасында.

Алмасадам Сәтқалиев Мемлекет басшысына Қордың стратегиялық активтердегі бақылаушылық үлесін сақтай отырып, активтерді жекешелендіру бағдарламасын іске асыруды жалғастыратынын айтты.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Самұрық-Қазына»  акционерлік қоғамының газбен және сумен қамту, көлік және энергетика салаларындағы маңызды жобалары жөнінде мәлімет берілді. Бұл жобалардың жүзеге асырылуы Қазақстан халқының өмір сүру сапасын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізеді. Қор басымдық беретін жобалар тізімін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент Қорға қарасты компаниялар тобы қызметінің тиімділігін арттыруға, соның ішінде жобаларды іске асырудың нақты мерзімдеріне және халық алдындағы ашықтықты қамтамасыз етуге байланысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Самұрық-Қазына

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы