«Қазір құқық қорғау органдары жұмысына көп сын айтылатынын білемін. Тәртіп орнату кезінде үйреншікті әуенге салуда кейде дұрыс бизнеске де кесір тиіп кететін жайттар болуы мүмкін. Сондықтан ашық түрде айтайын: «бір сыпыртқымен бәрін сыпыру» дегенге жол жоқ», - деді Мемлекет басшысы Ақордадағы кәсіпкерлермен кездесуінде.
Оның айтуынша, осындай фактілер орын алған жағдайда, әр іс бойынша арнайы тексеру шаралары жүргізіледі, әрқайсысына білікті баға беріледі.
2019 жылы өз Жолдауымда бизнестің жұмысына заңсыз кедергі келтіру - мемлекет мүддесіне қайшы қылмыс ретінде қаралуы керектігін айтқанмын. Бұл - Бас прокуратураның жұмысы. Күрес алаяқтармен жүруі керек. Қайталап айтамын, алаяқтармен, аферистермен күресу керек. Бірақ «дәрі деп бергені удан бетер болуына» жол беруге болмайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада отандық бизнес өкілдерімен кездесіп жатыр.