Президентке сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты қабылданып жатқан шаралар жөнінде есеп берілді

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттіктің дерегі бойынша биыл 5 айда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 1000-нан астам қылмыстық іс тіркелген. 600-ден астам лауазымды тұлғаның жемқорлық әрекеті әшкереленген. Олардың 110-ы – әртүрлі деңгейдегі басшылар.

Олжас Бектенов мемлекетке келтірілген залалдың өтелуін қамтамасыз ету жөніндегі Президент тапсырмасының орындалу барысы туралы мәлімет берді. Жыл басынан бері ел бюджетіне 220 миллиард теңгеден астам қаржы қайтарылды.

Мемлекет басшысына Агенттіктің бизнеске заңсыз араласудан қорғау тетіктерін қалыптастыру үшін шаралар қабылдағаны жөнінде баяндалды. Іс-қимыл алгоритмі әзірленген. Соған сәйкес тергеп-тексерудің басталуы мен кәсіпкерлерге қатысты кез-келген тергеу амалдары орталық аппараттың келісімі арқылы жүзеге асырылуға тиіс.

Сонымен қатар «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, мемлекеттік органдардың бизнеске заңсыз араласу фактілеріне жедел назар аударатын жұмыс тобы құрылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды күшейту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды