Президентке «Самұрық-Қазына» қорының төрт айда атқарған жұмысы таныстырылды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Самұрық-Қазына» қорының биылғы төрт айда атқарған жұмыстарының қорытындысы жөнінде есеп берілді.

Президентке қордың өндірістік, қаржылық көрсеткіштері мен осы жылға арналған болжамдары туралы баяндалды. Берілген мәліметтерге сәйкес «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы қазіргі уақытта жоспарланған нәтижеге қол жеткізген.

Алмасадам Сәтқалиев Мемлекет басшысына маңызды инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы, ірі инфрақұрылымдық нысандарға жүргізілген жөндеу жұмыстары, сондай-ақ Қорға қарасты портфельді компаниялардың IPO-ға дайындығы жөнінде баяндады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қызметіне қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті