Тоқаев Білім және ғылым министрлігін екі ведомствоға бөлуді ұсынды

Сурет: gov.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Ұлттық Ғылым академиясының мерейтойына орай өткен сессияда Білім және ғылым министрлігін екі ведомствоға бөлу туралы ұсыныс білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын айтарлықтай деңгейде көтеруге мүмкіндік беретін Ұлттық дәйексөз алу жүйесін құруымыз қажет деп есептеймін. Қасым-Жомарт Тоқаев

Президенттің айтуынша, бұл қадам қазақстандық ғылыми журналдардың әлеуетін нығайтуды талап етеді.

Еліміздегі ғылыми қызметті үйлестіру ісін күшейту мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігін екі ведомствоға бөлуге болар еді, сонда оның бірі жоғары білім және ғылым мәселелерімен айналысатын болады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент жалпы атап көрсеткен шешімдер қазақстандық ғылымды кешенді дамытуға, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық прогресіндегі үлесіне бағытталған.

Алматы
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді