Тоқаев: Мемлекеттік рәміздерімізді қорлауға ешқашан жол бермеуіміз қажет

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі жөніндегі заңнаманы күшейту керектігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсімінде сөйлеген сөзінде еліміздің басты құндылықтарын құрметтеу – бәріміздің перзенттік парызымыз екеніне назар аударып, оған немқұрайлы қарайтындарға, қадір-қасиетін түсіретіндерге біржола тосқауыл қою қажеттігін айтты.

Жаһандық экономикада өршіп келе жатқан сын-қатерлер мен бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленіс жағдайында біз мемлекеттілігімізді нығайту үшін күш-қуатымызды еселей түсуіміз керек. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Сонымен қатар Мемлекет басшысы жастармен жан-жақты түсіндіру жұмысын жүргізу керектігін де айтты.

Мемлекеттік рәміздерімізді мазақ етуге, қорлауға ешқашан жол бермеуіміз қажет. Мұндай әрекеттерге барғандарды қатаң жазалаған жөн. Біртұтас халық ретінде ұйыса отырып, біз кез келген қиындықты бірге жеңіп, әділетті, тиімді мемлекет құра аламыз. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысының айтуынша, ту көтеру – аса маңызды оқиғаларға орай жасалатын ерекше рәсім. Халқымыз тарихи таңдауын жасайтын сәтте алып байрағымыздың көкте желбіреуін жақсы ырымға балаймыз.

Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: