Тергеу уәкілетті органдармен өте мұқият әрі егжей-тегжейлі жүргізіліп жатыр. Қазір қолжетімді барлық материалдарды Бас прокуратура жариялауда, бұл арада біздің қоғамға қатысты ешқандай құпия жоқ. Біз барлығын ашық, транспарентті, жоғары кәсіби деңгейде жүзеге асырудамыз. Сондықтан, менің ойымша, халықаралық сарапшыларды шақырудың қажеті жоқ, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ-қа арналған брифингте.
Мемлекет басшысы жүріп өткен аласапыран ешкімді бей-жай қалдыра алмайтынын атап өтті. Оның айтуынша, 1600 қызметтік және коммерциялық ғимараттар бүлінген, 1000-ға жуық көлік өртеліп, 3000 қару ұрланған, әрине, қаза тапқандар да көп, олардың арасында бандиттер мен террористер де бар.
Біз мұны мемлекеттік жүйені бұзуға бағытталған террористік шабуыл болды деп тануды талап етеміз, сондықтан оған қатысқан, қатысуға итермелеген немесе арандатушы болсын, ұйым болса тіптен, олардың барлығын да жауапкершілікке тарту керектігін айтып жатырмыз. Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент мемлекетке қарсы операцияның өзі нақты жоспарлы сипатта болғанын, оны өте жақсы дайындалған мамандар басқарғанын айтты.