Президент республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жасайды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың референдумның қорытындысы бойынша республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жасайтыны мәлім етілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін сағат 20.00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусым күні өткен референдумның қорытындысы бойынша республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жасайды, - делінген Президенттің Telegram-дағы БОРТ N1 арнасында.

Еске сала кетейік, 5 маусымда Қазақстанда ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өткен еді. Бүгін Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров брифингте ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумның алдын ала нәтижелерін жариялады

Мәселелердің оң шешілуіне дауыс берген азаматтардың саны 77,18 пайыз, яғни 6 миллион 163 мың 863 адам болды. Референдум өткізу жөніндегі орталық комиссияның төрағасы Нұрлан Әбдіров

Сайлаушылардың 18,66 пайызы қарсы дауыс берді. Дауыс берушілердің 68,06 пайызы қатысты.

Қазақстан
Қазақстандағы референдум

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады