Қазіргі таңда істердің 55 пайызы кәсіпкерлердің пайдасына шешіледі – Жақып Асанов

Сурет: akorda.kz
Президент Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, Қасым-Жомарт Тоқаевқа сот жүйесінің қазіргі даму барысы туралы баяндалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Жақып Асанов азаматтық дауларды сотқа жеткізбей шешу мәселесі жөнінде айтып, соңғы 3 жылда Жоғарғы Соттың осы бағытта жүзеге асырған жобалары туралы есеп берді.

Оның айтуынша, бұрын істердің тек 2-3 пайызы ғана татуласумен аяқталса, қазір бұл көрсеткіш 37 пайызға жеткен. 2018 жылға дейін ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша бір жылда орта есеппен 23 адам ақталса, соңғы 4 жылда 160-тан астам азамат кінәсіз деп танылған. Яғни, көрсеткіш 7 есеге артқан.

Президентке мемлекеттік басқару жүйесіндегі әкімшілік юстиция туралы айтылды.

Былтырғы 1 шілдеге дейін азаматтар мен кәсіпкерлер қаралған істердің 85 пайызы бойынша мемлекеттік органдардан жеңілетін. Қазіргі таңда істердің 55 пайызы кәсіпкерлер мен азаматтардың пайдасына шешіледі.

Кездесуде сот кадрларының сапасын жақсарту, азаматтардың сотта қорғалуын күшейту, сот ісін жүргізуді оңтайландыру және басқа да міндеттер туралы айтылды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Асанов Жақып

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды