Тоқаев Теміртауда қаза болған жұмысшылардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында қаза болған жұмысшылардың жақындары мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының цехында болған апат салдарынан қазаға ұшыраған жұмысшылардың отбасылары мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Үкіметке және Қарағанды облысының әкіміне қайғылы оқиғаның себептері  мен мән-жайын анықтау үшін шұғыл шаралар қабылдауды және қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетуді тапсырдым, – деп келтіреді Ақорда Мемлекет басшысының жеделхатын.

Айта кетсек, 10 маусымда сағат 14:30-да Теміртау қаласында ұста-пресс цехының жұмыс істемейтін № 9 термиялық пешіндегі отқа төзімді қалауды бөлшектеу кезінде шатыр опырылып құлады . Пеш күмбезінің құлауы салдарынан үйінді астында бес адам қалып кетті. Олардың төртеуі қайтыс болды, біреуі ауруханаға жеткізілді.

Қарағанды
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті