Президент Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды

Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұмыт болғаны Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтару туралы бастама көтерді. Ал Тәуелсіздік күнін ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтуді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек.ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданғанын айта келе, «бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болғанын» атап өтті.

Осы құжатты қабылдаған кезде тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды, тіпті шешуші рөл атқарды, – деді президент.

Мемлекет басшысы Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін айтты.

Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ, тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек. Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды