Әлем тез өзгеріп жатыр, бірақ көбіне жақсы жағына қарай емес – Тоқаев

Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, форум саяси және экономикалық ахуал шиеленісіп тұрған кезде өтіп жатыр.

Пандемияға және геосаяси шиеленістің өршуіне байланысты жаһандық теке-тірестер жаңа жағдайларға алып келді. Жаһанданудың орнына артық-кемі бар аймақтандыру дәуірі келді. Қалай болғанда да, дәстүрлі экономикалық модельдер мен сауда бағыттарының өзгеру үдерісі жеделдей түсті. Әлем жылдам өзгеруде. Өкінішке қарай, көп жағдайда жақсы жағына қарай емес, – деді Президент.

Оның пікірінше, жаңа жағдайда әлемдік тәртіптің жылдам өзгеретін құрылымын, «Шығыс-Батыс», «Солтүстік-Оңтүстік» бағыттары бойынша өзара іс-қимылдың орнықты векторларының алмасуын ескеру маңызды.

Біздің аймақтағы елдер осындай сын-қатерлерге лайықты төтеп беріп қана қоймай, олардан барынша пайда табуға тырысуы керек. Сондықтан Еуразиялық экономикалық одақ аясында Еуразиялық интеграцияны Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» тұжырымдамасымен ұштастыру – маңызды міндет, – деді Мемлекет басшысы.
Ресей
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді