Тоқаев ҚР-ға қатысты қисынсыз пікір білдіретін РФ депутаттарына өз наразылығын білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Петербург халықаралық экономикалық форумының алаңын пайдалана отырып, Қазақстан туралы қисынсыз сөз айтатын Ресей депутаттарына қатысты шағым білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мен бірқатар ресейлік депутаттардың айтқандарына қатысты өз наразылығымды білдіргім келеді. Қазақстан атына мүлдем қисынсыз сөздер айтылды. Мысалы, журналистердің, тіпті мәдениет қайраткерлердің мағынасы майысқан мәлімдемелері дер едім. Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинге бұл ретте Кремльдің жоғары басшылықтың Қазақстанға және басқа мемлекеттерге қатысты ұстанымын жариялап отырғаны үшін ризашылығын білдірді.

Шынында да, біздің халықтарымызға алауыздық дәнегін сеуіп, сол арқылы Ресей Федерациясына залал келтіретіндей қандай да бір тәсілмен қаузап, қоздыратын арамызда ешқандай мәселе жоқ. Сол сөздер мен үшін мүлде түсініксіз. "Кімнің диірменіне су құйып жүр" демекші, аталған қайраткерлер, Қазақстан басшылығының шешімі болсын немесе елімізде орын алып жатқан оқиғаларға болсын, қандай да біртүрлі тәсілдермен пікір білдіреді.

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл сөзімен келісетінін, Қазақстанның тура және кең мағынада да Ресейдің одақтасы екенін атап өтті.

Әріптесіммен келісемін. Қазіргі жағдайда, әрине, әрбір ведомство, әрбір мемлекет қандай да бір шығындарды болдырмауды ойлайды. Бұл - табиғи дүние. Бұл барлығына қатысты. Бірақ жұмыс деңгейінде кез-келген мәселенің шешімін табуға болады, егер ерік болса. Бізде Қазақстанмен арада осындай ерік бар. Осы әбден түсінікті болғанын қалаймын. Қазақстан тура және кең мағынада да біздің одақтасымыз болып табылады. Владимир Путин
Қасым-Жомарт Тоқаев Путин Владимир Ресей
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: