Президент жаңадан құрылған Жетісу облысының әкімін қабылдады

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жетісу облысының қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен даму перспективасы туралы баяндалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың айтуынша, ауыл шаруашылығы мен өңдеу секторын дамытуға баса мән беріледі. Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібі, минералды шикізатты өндіру және өңдеу саласында құны 730,3 миллиард теңге болатын 24 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жоба аясында 3440 жұмыс орны ашылады.

Облыс әкімі Президентке өңір экономикасын дамыту үшін туризм саласының мол әлеуеті бар екенін айтты. Бүгінде Алакөл көлінің жағалауындағы инфрақұрылымдарды дамытуға, Балқаш көлі бағытындағы жол құрылысына қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Президент облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыру маңызды екеніне назар аударды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы өңірдегі суармалы алқаптарды ұлғайтуға бағытталған ирригация жүйелерін жаңарту, қолжетімді баспана құрылысының көлемін арттыру, жолдарды жөндеу, облыстағы елді мекендерді газбен қамту, өнеркәсіпті, шағын және орта бизнесті дамыту, педагогтар мен дәрігерлердің тапшылығын жою сияқты бірқатар өзекті мәселені шешу қажет екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбіт Исабаевқа азаматтардың түйткілді проблемаларын шешу және Жетісу облысын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамыту үшін тиімді шаралар қабылдауды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді