Тоқаев «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысына «ҚазМұнайГаз» компаниясының мұнай-газ химиясы саласында жүзеге асырып жатқан жобалары жөнінде ақпарат берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір Атырау облысындағы полипропилен шығаратын зауытты іске қосу аяқталып келеді. Бұл өндіріс орны биылғы тамыз айында іске қосылады деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек президентке полиэтилен және бутадиен өндірісіне қатысты жобалардың жүзеге асырылу барысы баяндалды.

Мағзұм Мырзағалиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамының қазіргі жағдайы мен даму перспективасы, сонымен қатар Маңғыстау облысында әлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде есеп берді.

Оның айтуынша, әлеуметтік-еңбек қатынастарына қатысты мәселелерді шешу, сонымен қатар «ҚазМұнайГаз» компаниясының еншілес ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау мақсатымен Ақтауда ұлттық компанияның өкілдігі ашылған. Сонымен қатар Жаңаөзенде балаларға білім беру сапасын арттыру жобасы іске асырылып жатыр, оқушылар сарайы мен спорт алаңдарының құрылысы жүргізіліп жатыр.

«ҚазМұнайГаз» басшысы президентке компанияның шетелдік активтерін дамыту перспективалары жөнінде баяндады.

Кездесу соңында мемлекет басшысы инвестициялық жобаларды уақытылы іске асыру және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды