Тоқаев Жапония премьер-министрі Фумио Кишидаға көңіл айту жеделхатын жолдады

Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның бұрынғы Премьер-министрі Синдзо Абэнің қастандық әрекет салдарынан қаза болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы президенттің Telegram-дағы БОРТ N1 каналы хабарлады.

Әлем жұртшылығы Синдзо Абэні елінің дамуы мен баянды болашағы үшін ұзақ жылдар бойы қажырлы қызмет еткен көрнекті саясаткер, халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға сүбелі үлес қосқан парасатты көшбасшы деп біледі. Синдзо Абэнің жарқын бейнесі Қазақстан халқының жадында қазақ-жапон арасындағы достық пен сенімді бекемдей түскен тұлға, сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген мемлекет қайраткері ретінде мәңгі сақталады. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, сондай-ақ барша отандастарыңызға қайғыра көңіл айтамын – делінген Қазақстан президентінің жеделхатында.
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты