Тоқаев «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шарлапаевпен кездесті

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевқа холдингтің бірінші жартыжылдықтағы қызметінің қорытындылары мен агроөнеркәсіптік кешенді қолдау, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыс туралы баяндалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президентке берілген мәліметтерге сай, ірі бизнесті қаржыландыруға 143 миллиард теңге, шағын және орта бизнеске 510 миллиард теңге, агроөнеркәсіп кешеніне 241,3 миллиард теңге жұмсалған. Холдингтің қолдауымен жеке құрылыс салушылар жалпы ауданы 759 мың шаршы метр үйді пайдалануға берді. Жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын сатып алу арқылы ауданы 56 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, қолданысқа берілді. Бұл ретте 39 мың отбасы, соның ішінде 7,2 мың кезекте тұрған азаматтар жеңілдігі бар ипотекамен тұрғын үй сатып алды.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында холдинг «Жасыл-Даму» АҚ қаражаты есебінен отандық ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингі бағдарламасына қатысуға өтініштер қабылдай бастады. Жеке тұрғын үй қорының жалдау ақысын субсидиялау тетігі енгізілді.

Одан бөлек Қанат Шарлапаевтің мәліметінше, биыл холдингтің қолдау көрсетуімен 2 миллион шаршы метр тұрғын үй немесе 29,6 мың пәтер пайдалануға беріледі. Жалпы аталған шаралар 250 мың адамның тұрмыс жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қанат Шарлапаевқа бизнесті дамытуды жақсарту және әлеуметтік тұрғын үй саясатын жетілдіру бағытында бірқатар нақты тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды