Санкциялар мен күш қолдану проблеманы ешқашан шешпейді – Тоқаев

Сурет: akorda.kz
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 7-съезінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев санкциялар мен күш қолдану ешқашан проблеманы шешуге әкелмейтінін, сондықтан мұндай сәттерде гуманитарлық идеяларға қайта оралу керек екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінде сөйлеген сөзінде президент пандемия дағдарысының дамушы елдердің экономикаларына көбірек соққы беріп, кедейлік пен теңсіздікті жалғастырып, жаһандық инфляцияны күшейткенін еске салды.

Ол сонымен қатар әлемнің ірі державалары арасындағы геосаяси текетірестің күшейіп, әлемнің әртүрлі аймағында шиеленістің күшеюіне әкеліп соқтырғанын айтты.

Өкінішке қарай, халықаралық қатынастарға сенімсіздік, шиеленіс, тіпті қақтығыстар қайта оралды. Бүгінгі қиындықтарды шешу үшін біз неге сене аламыз? Тарих бір ғана жауап береді – ізгі ниет, диалог және ынтымақтастық. Табысқа жетудің басқа баламалары жоқ.Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Қазақстан қай кезде де келіспеушіліктерді БҰҰ Жарғысы рухында келіссөздер үстелінде шешуді жақтап келгенін еске салды.

Санкциялар, санкциялармен қорқыту және күш қолдану проблеманы ешқашан шешпейді. Осындай сәттерде біз гуманитарлық идеяларға оралуымыз керек. Оларды әрқашан дәстүрлі діндер қорғайды. Адам құқығын құрметтеу, бір-бірін құрметтеу, өзара көмек, ашықтық, әділдік, теңдік – жаңа қауіпсіз жүйенің тірегі осы ғана. Сондықтан моральдық бедел мен рухани көшбасшылардың үні бүгінде бұрынғыдан да маңызды.Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы жаһандық мәселелерді сындарлы диалогсыз және өзара тиімді ынтымақтастықсыз шешуге болмайтынын атап өтті.

14 қыркүйекте Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен қатар цифрлық дәуірде гуманизм идеялары мен рухани құндылықтарды жүйелі түрде ілгерілету керек екенін айтты.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты