Тоқаев елордаға Астана атауын қайтарып, президентті тек бір мерзімге сайлау нормасын бекітті

Сурет: Zakon.kz
Елордаға ресми түрде Астана атауы қайтарылды, сондай-ақ Қазақстан Президентін жеті жылға бір реттік мерзімге сайлау белгіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осындай өзгерістері бар Заңға Қасым-Жомарт Тоқаев 17 қыркүйекте қол қойды.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, делінген Ақорда хабарламасында.

Сондай-ақ «Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Қаулы жарияланды:

  1. Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауы Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгертілсін.

  2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    2 қыркүйекте "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының мүшелері елорданың бұрынғы атауын қайтаруды ұсынды.

    Нұр-Сұлтан атауын өзгерту туралы ұсыныс Конституциялық заң жобасына енгізілді.

    14 қыркүйекте ономастикалық комиссия елорда атауын өзгерту туралы ұсынысты қолдады.

    15 қыркүйекте қоғам өкілдері мен мәслихат депутаттары елорданы Астана деп қайта атау туралы ұсынысты қолдады.

    Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауында кезектен тыс сайлау өткізуді және Президентті жеті жылға бір реттік мерзімге сайлауды, қайта сайлауға тыйым салуды ұсынды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты