Тоқаев Республика күнін қайтару туралы заңға қол қойды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады, - делінген Ақорда хабарламасында.

Сонымен бірге Тұңғыш президент күні – 1 желтоқсан мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды.

Заң сонымен қатар мәдениет және кинематография саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіруге бағытталған.

Атап айтқанда, "Кинематография туралы" және "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына бірқатар тұжырымдамалық өзгерістер мен жаңалықтарды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр.

16 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Бұл туралы ол Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында мәлімдеді.

1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз