Тоқаев неліктен Абай облысын құру туралы шешім қабылдағанын айтты

Сурет: akorda.kz
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысы жұртшылығымен кездесуінде халықтың тілегін ескере отырып, жеке облыс құру туралы шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының сөзінше, бұл қадам өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін жедел шешіп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді.

Инвестицияның келуіне, өнеркәсіп пен жұмыс орындарының ашылуына, шағын және орта бизнестің дамуына жағдай жасайды. Аймақты республикалық бюджеттен тікелей қаржыландыру жүйесі жүзеге асады. Бұл шешім – шын мәнінде, тарихи әділдіктің салтанат құруы.ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Ол ұлттың ұлы тұлғасына деген ерекше құрмет белгісі ретінде жаңадан құрылған облысқа Абай атауы берілгенін атап өтті.

Абай туған топыраққа келген адам бұл жердің киесін сезінеді, қасиетін ұғады. Семей – ұлы даланың ұлағатты өлкесі. Бұл – Алаш арыстарының ізі қалған, зиялыларымыз елдің болашағы үшін күрескен қастерлі өңір, – деді президент.
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін