Абай облысында 62 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Тоқаев: akorda,kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына сапарында бос жатқан жерлерді игеру мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бос жатқан жерлерді мемлекетке қайтару мәселесін президент өзекті деп атады.

Мен бұл жұмысты бүкіл ел аумағында жүргізуді тапсырдым. Абай облысында қазірдің өзінде осындай 200 мың гектар жер анықталды. Соның 62 мың гектары қайтарылды. Қайтарылған жерлерді жергілікті шаруаларға әділ үлестіріп, ел игілігіне тиімді пайдалану аса маңызды. Жалпы, бұл жұмыс одан әрі жалғасады.Тоқаев

Оның сөзінше, аймақтың жер қойнауы полигонның кесірінен жылдар бойы игерілген жоқ. Сонымен бірге ол бұл өңірде геологиялық зерттеу жұмысын жүргізу керек екенін айтты.

Сондықтан облыс аумағында ауқымды геологиялық зерттеу жұмысын жүргізу қажет. Қазба байлық көп табылады деп ойлаймын. Тау-кен өнеркәсібін дамыту облыс экономикасын жандандырады. Сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, - деді президент Абай облысының жұртымен кездесуде.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды