Мемлекет басшысы жас мамандардың баспана сатып алуына қолдау көрсету өте маңызды екенін айтты. Тоқаев аймақтағы жеңілдетілген ипотека бағдарламасының бюджетін кеңейту керек деп есептейді.
Енді бағдарламаның бюджетін көбейтіп, жеңілдетілген несиенің санын арттыра түсу қажет. Бұл – жергілікті жас отбасыларды, жас мамандарды қолдауға арналған тиімді әдіс. Олар басқа аймақтарға көшпей, туған жерінде еңбек етуге жақсы мүмкіндік алады. Президент
Сонымен қатар президент мұндай тәсілді өзге облыстар да қолдануы керек екенін қоса кетті.
Мемлекет басшысының сөзінше, аймақта жеңілдетілген ипотека бағдарламасы бар. Жастар бастапқы жарна ретінде баспана құнының 10%-ын салып, 19 жылға ипотекалық несие алуына болады.
Жылына 5% өсіммен 20 миллион теңгеге дейін беріледі. Бұл ипотеканы мұғалімдер, дәрігерлер, мәдениет, спорт және әлеуметтік сала қызметкерлері, журналистер және жоғары оқу орындарының оқытушылары ала алады. Биыл 75 несие берілген. Тоқаев