Ерлан Қошанов бұл шешімнің маңызына тоқталды.
Бүгін біз стратегиялық таңдау жасадық. Біз Тоқаевтың төңірегінде бірігіп, бірлесіп жұмыс істеуіміз керек.Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов
Ол президенттікке Тоқаевтың кандидатурасын ұсынатын басқа да партиялар, саяси бірлестіктер бар екенін атап өтті.
Біз осы саяси бірлестіктермен бірігіп, Тоқаевты қолдайтын халықтық коалиция құру туралы келісімге келдік. Түскі астан кейін мемлекет басшысының қатысуымен үлкен форум өтеді, барлығымыз қатысамыз.Ерлан Қошанов
Amanat партиясының 24-съезі алаңында ҚР Әділет министрі Қанат Мусин қоғамдық бірлестіктердің бір кандидатты ұсынуына заңда тыйым салынбағанын айтты.
6 қазанда Amanat партиясы мен Қазақстан халықтық партиясы президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашаға белгіленген.