Тоқаев жақында сайлауалды тұғырнамасын таныстыруға уәде берді

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықтық коалиция форумында сөйлеген сөзінде сайлауалды тұғырнамасын қашан таныстыратынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы алдағы уақытта елді жан-жақты өзгерту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру шаралары бейнеленген сайлауалды тұғырнамасын ұсынатынын хабарлады.

Біздің мемлекетіміз аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған теңгерімді, көпбағытты, сындарлы сыртқы саясатты жүргізуі керек деген терең сенімім бар.Қасым-Жомарт Тоқаев

Ол Қазақстан халықаралық қатынастарда, халықаралық құқықта және БҰҰ Жарғысында теңдік пен демократия қағидаттарының берік сақталуын әрқашан жақтайтынын атап өтті.

Қазақстан БҰҰ-ның әмбебап және балама емес халықаралық ұйым ретіндегі беделін нығайтуға белсенді түрде күш салады. Біз Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы және басқа да халықаралық ұйымдар сияқты маңызды ұйымдармен ынтымақтаса отырып, өзара іс-қимыл және сенім кеңесінің әлеуетін күшейтеміз.Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке "Халық коалициясы" атынан кандидат ретінде ұсынылғаны хабарланған еді.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды