ОСК Қарақат Әбденді талаптарға сай келеді деп таныды

Сурет: Zakon.kz
ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында Қазақстан президенттігіне кандидат Қарақат Әбденнің Конституция мен "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігі анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарақат Әбденді Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы ұсынды.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Сайлау туралы Конституциялық заңның 59-бабының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдарға сауалдар жолдады. Олардың мәліметінше, Қарақат Әбденнің кезектен тыс президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркелуіне еш кедергі жоқ.

Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің Қазақстан Республикасының Конституциясы мен "Сайлау туралы" Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетінін анықтады.ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров

2022 жылғы 10 қазанда Қарақат Әбденнің мемлекеттік тілді еркін меңгеру деңгейін анықтау бойынша ОСК лингвистикалық комиссиясының отырысы өтті.

Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы 20 қарашаға белгіленді.

Қазақстан
Президент сайлауы — 2022

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады