Жетісу облысында заманауи шаңғы-биатлон кешені салынады

Сурет: pixabay
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына жасаған жұмыс сапарында үкіметке өңірде заманауи шаңғы-биатлон кешінін салуды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент шаңғы-биатлон кешені жаңа чемпиондарды әзірлеу базасына айналдыруға әрі өңірдің туристік әлеуетін арттыруға сеп болатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы Жетісуда мықты велоспорт мектебі қалыптасқанын айта келіп, жуырда ғана велоспорттан Австралияда өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған Евгений Федоровты құттықтады.

Жас чемпион аты аңызға айналған Андрей Кивилев атындағы жергілікті олимпиадалық резерв мектебінің түлегі. Осы сәтті пайдаланып, Евгений Федоровты тамаша жеңісімен құттықтаймын!Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент осындай жарқын жеңістер жастарды спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануға, биік мақсаттарға жетуге ынталандыратынын айтты.

Қайталап айтамын, адам – біздің басты байлығымыз. Өмірдің барлық саласында ауқымды қайта құруларды жүзеге асыра отырып, біз азаматтарымыздың жасампаздық күш-қуатына сүйенеміз. Сондықтан ұлттың әлеуетін дәйекті түрде арттыру қашанда мемлекеттік саясаттың басты басымдығы болып қала бермек.Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан
Талдықорған
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді