Президент парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенаттың еліміздегі реформаларды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы баяндалды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке сенаттың еліміздегі реформаларды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы баяндалды. Атап айтқанда, Адам құқығы жөніндегі уәкілдің, Конституциялық Соттың, Прокуратураның қызметін реттейтін конституциялық заңдардың жобалары туралы сөз қозғалды.

Президентке қазіргі сенаторлардың қарауында қаңтар оқиғасына қатысқан кейбір азаматтарға рақымшылық жасау туралы заң жобасы мен үш жылға арналған республикалық бюджет жобасы жатқаны жөнінде мәлімет берілді.

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, мемлекет басшысының өңірлерді одан әрі дамытуға бағытталған тапсырмаларының іске асырылуын қамтамасыз ету – палата жұмысының негізгі басымдықтарының бірі.

Президент Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің идеялары мен қорытынды құжатын одан әрі ілгерілету және форумды дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеу жөнінде тапсырма берді.

Қазақстан
Әшімбаев Мәулен
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды