Тоқаев Қырғызстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің ашылу шарасына қатысты

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Қазақстандағы мәдениет күндерінің ресми ашылу шарасына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен және Еуропалық Кеңес президенті Шарль Мишельмен бірге Қырғыз Республикасының Қазақстандағы мәдениет күндерінің ресми ашылу шарасына қатысты, делінген Ақорда хабарламасында.

Сурет: akorda.kz

Президенттер Қырғызстанның Ұлттық тарихи мұражайының коллекциясы қойылған "Ықылым мұрасы" көрмесімен танысты. Содан соң қырғызстандық өнер шеберлерінің концертін тамашалады.

Сурет: akorda.kz

Концерт бағдарламасы аясында "Манас" эпосынан үзінді оқылып, халық ақыны Тоқтоғұл Сатылғановтың санаттары (дидактикалық өлеңдері) орындалды. Сондай-ақ халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың шығармаларынан үзінділер қойылды.

Сурет: akorda.kz

Сонымен қатар қазақ және қырғыз халықтарының бауырластығын дәріптеу мақсатында қырғыз өнерпаздары Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Мұхтар Әуезов сияқты тұлғаларымыздың бейнесін сомдап, екі халыққа кең тараған ән-күйлерді орындады.

Сурет: akorda.kz

Алдында Ақорда резиденциясында Қасым-Жомарт Тоқаев 26 қазанда Қазақстанға ресми сапармен келген Еуропалық Кеңестің президенті Шарль Мишельмен келіссөздер өткізген болатын. Сондай-ақ олар БАҚ өкілдеріне арнап брифинг  өткізді. Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары бірлескен мәлімдеме  жасады.

Қазақстан
Қырғызстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты