Тоқаев президент сайлауында 81,31% дауыс жинап, жеңіске жетті

Сурет: akorda.kz
Қазақстандағы президент сайлауындағы дауыстарды санаудың алдын ала қорытындысы бойынша қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31 пайыз дауыспен көш бастап тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орталық сайлау комиссиясының отырысында дауыстарды санаудың алдын ала қорытындысын ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлім етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев 6 456 392 дауыс немесе 81,31% дауыс жеңіп алды.

Қарақат Әбденге сайлаушылардың 206 206-сы немесе 2,6 пайызы дауыс берді

Нұрлан Әуесбаевқа 176 116 немесе 2,22%

Жигули Дайрабаевқа 271 641 немесе 3,42%

Мейрам Қажыкен үшін 200 907 немесе 2,53%

Салтанат Тұрсынбековаға 168 731 немесе 2,12%

Сайлаушылардың 460 484-і немесе 5,8 пайызы барлығына қарсы дауыс берді.

«Қазір Қазақстанның барлық аймағындағы, шетелдегі барлық сайлау учаскесінде дауыстарды санау аяқталды.ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров

Қатысқан сайлаушылардың алдын ала саны 69,44 пайыз.

Қазақстан
Президент сайлауы — 2022

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты