Тоқаев Ұлттық қор жөнінде: Ақшаны азырақ жұмсап, көбірек табыс табу керек

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 12 желтоқсанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында министрлер кабинетіне Ұлттық қордың трансфертіне тәуелділіктен біртіндеп арылуды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы бір жылдан кейін Ұлттық қордың инвестициялық табысының жартысын балалардың есепшотына аудару басталатынын еске салды. Рның сөзінше, сол кезде барша азаматтар Ұлттық қордағы ахуалды жіті қадағалап отырады. 

"Әрбір азамат – ұлттық байлықтың иесі» деген сөз жай ұран емес. Бұл нағыз халықтық, қоғамдық бақылаудың басталғанын білдіреді. Үкімет те, Ұлттық банк те мұны жете түсінуі керек. Тағы да естеріңізге саламын, алдағы 7 жылда Ұлттық қордың активтері 100 миллиард долларға жетуге тиіс. Сондықтан ақшаны азырақ жұмсап, көбірек табыс табу керек. Қазір бұл мәселеде олқылықтар бар". Қасым-Жомарт Тоқаев

Президенттің мәлімдеуінше, Ұлттық қордың инвестициялық кірісі өзге елдердің мұндай қорларымен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Ұлттық қордың жылдық табысы соңғы 10 жылда 1,6 пайыз болды. Сингапурдағы осындай қор 6,4 ал Норвегияның қоры 7,5 пайыз табыс тапқан. Демек, біздегі қорды басқару міндетін атқаратын органның жұмысы айтарлықтай тиімді деп айтуға болмайды.

"Ұлттық банкке үкіметпен бірлесіп, Ұлттық қорды басқару ісін жетілдіру туралы ұсыныс енгізуді тапсырамын. Онда мен айтып өткен кемшіліктер түгел ескерілуге тиіс".Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ ол үкіметтің кеңейтілген отырысында өқазақстандықтардың табысы ең төмен өсу қарқынын көрсетіп отырғанын айтты.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты