Тоқаев Татарстан президенті Рустам Миннихановпен кездесті

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан президенті Рустам Миннихановты қабылдады. Кездесуде сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан Республикасымен тауар айналымы биыл 9 айда 466 миллион доллардан асқанын айтты. Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және басқа да салалардағы байланыстар нығайып келе жатқанына көңілі толатынын жеткізді.

Рустам Минниханов Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады. Сонымен қатар машина жасау саласындағы ірі жобалар табысты жүзеге асырылып жатқанын айтып, Татарстан компаниясы еліміздің Саран қаласында салған шина зауытынан бүгін алғашқы өнім шыққанын атап өтті.

Зауыт келесі жылы толық қуатта жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Кәсіпорын жылына жеңіл және жүк көліктеріне арналған 3,5 миллион дөңгелек шығарады. Зауытта 1,1 мың жұмыс орнын ашу қарастырылған, инвестиция көлемі – 400 миллион доллар.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзара серіктестікті одан әрі нығайтудың маңызды екеніне тоқталып, еліміздегі бірлескен жобаларға қолдау көрсетуді жалғастыра беретінін жеткізді.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек