Президент Өзбекстан және Түрікменстанмен төтенше жағдайлардағы ынтымақтастық туралы заңға қол қойды

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан, Түрікменстан Үкіметі арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Келісім қауіпті техногендік және экологиялық процестердің, табиғат құбылыстарының мониторингін ұйымдастыру және жүргізу, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға, оның ішінде алғашқы медицина көмегін көрсетуге халықты дайындауды ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасуды қарастырады.

Сонымен қатар мұндай келісім трансшекаралық аумақтарда болған жер сілкіністерінің зардаптарына бірлескен макросейсмикалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, білім беру ұйымдарында мамандарды даярлау, тағылымдамадан өтушілерді, оқытушыларды, ғалымдар мен мамандарды алмасу бойынша ынтымақтастықты қарастырады.

Сонымен қатар президент «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.


Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді