Тоқаев бірқатар заң жобасына қол қойды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, делінген Ақорда хабарламасында.

Заң жобасы автокөлікті бақылауды автоматтандыруға, поездардың жолдан шығып кетуі немесе соқтығысу оқиғаларын, сондай-ақ кемелердің авариялық жағдайын тергеу тәртібін жетілдіруге бағытталған. Сонымен қатар бұл құжат Қазақстан Республикасының заңнамасын Халықаралық азаматтық авиация ұйымының стандарттары мен Еуропалық Одақтың авиациялық талаптарына сәйкес келтіруді көздейді, делінді Сенатта 22 қарашада аталған заң жобасы талқысы кезінде.  

Сонымен қатар заң жобасының нормалары әуе айлағы маңындағы аумақта қызмет атқаруға рұқсат алу тетігін реттеуді өзгертуді және күрделі жобалар бойынша жер қойнауын пайдалану саласына инвестиция тартуды көздейді.  

Одан бөлек Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сот алқабилердің қатысуымен қарайтын істер санаттарын кеңейту бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң жобасы Президенттің 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын орындау шеңберінде әзірленді және оны депутаттар биыл 9 қарашада ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында бірінші оқылымда-ақ мақұлдады.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды