Тоқаев даңқты футболшы Пеленің қазасына байланысты Бразилия халқына көңіл айтты

Сурет: Instagram/pele
Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты футболшы, үш дүркін әлем чемпионы Пеленің қайтыс болуына байланысты Бразилия президенті Жаир Болсонаруға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы футбол тарихындағы ұлы спортшылардың бірі ретінде оның футболды бүкіл әлемге танытуға зор үлес қосқанын атап өтті, деп жазды Ақорданың Telegram арнасы. 

Президенттің айтуынша, Пеле әрқашан футболға деген адалдықтың символы әрі жанкүйерлердің сүйікті футболшысы болды және солай болып қала береді.

Сондай-ақ ол спорттың осы түрін ең жоғары деңгейге көтерді.

30 желтоқсан күні Бразилия футболшысы әрі ғасыр адамы, көпшілікке Пеле деген атпен танымал Эдсон Арантис ду Насименту дүниеден озды.

Пеле – әлемдік футбол тарихында үш рет әлем чемпионы атанған жалғыз спортшы (1958, 1962, 1970). Ол 92 матчта 77 гол соқты. Кәсіби мансабында Пеле 1 281 гол соққан, сонысымен де ол Гиннестің рекордтар кітабына енген.


Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз