Тоқаев Абу Даби әмірлігінің билік басындағы ​​​​әулетінің аға өкілімен кездесу өткізді

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абу Даби әмірлігінің билік басындағы ​​​​әулетінің аға өкілі, БАӘ-нің ірі кәсіпкерлерінің бірі, First Abu Dhabi Bank акционері Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанның аймақтағы басты экономикалық және сауда серіктесі екенін, БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен бүгінгі келіссөз барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөнінде уағдаластыққа келгенін, сондай-ақ маңызды келісімдерге қол қойғанын жеткізді.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан мен БАӘ үкіметтері қабылдаған Стратегиялық инвестициялық жобалар жасау туралы бірлескен декларация екіжақты серіктестікті нығайтуға тың серпін береді.


Сурет: akorda.kz


Президент инвестициялық іс-әрекеттің басымдығына назар аударып, қабылданған Декларация аясында шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянның компаниялар тобын бірқатар жобаны жүзеге асыруға шақырды.

Өз кезегінде Абу Даби әмірлігінің билік басындағы әулетінің аға өкілі Қазақстандағы жобаларға инвестиция құю жөніндегі жоспарын айтты.

БАЭ
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Құрылтай құрамына кімдер енді: саяси партиялар кандидаттар тізімін жариялай бастады

Аудит нәтижесі: Қазақстан атынан шетелге баратын спорт делегациясы қатаң іріктелетін болды

Boeing ұшағы Атлант мұхитының үстінде белгісіз себеппен апаттық сигнал берді

Алматыда қыркүйек қандай болады: күзгі салқын қашан келеді және "күзгі жылымықты" күтуге бола ма