Тоқаев Мәжілістің жетінші шақырылым депутаттарына алғыс білдірді

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарына алғыс білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, Мәжіліс депутаттары жоғары кәсібиліктің, азаматтардың алдында жауапкершілік және шынайы патриотизмнің үлгісін көрсетті.

"Парламент Мәжілісінің жетінші шақырылым депутаттарына Әділетті Қазақстанды құру бағытын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етіп, еліміздің өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешкен, саяси және экономикалық реформаларды жүргізуге белсенді атсалысқан, қоғамдағы тұрақтылық пен заң үстемдігін қамтамасыз еткен табысты жұмысы үшін алғыс айтамын. Мәжіліс депутаттары жоғары кәсібиліктің, азаматтардың алдында жауапкершілік және шынайы патриотизмнің үлгісін көрсетті", деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram-дағы парақшасында.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Парламент пен мәслихат депутаттарының сайлауын өткізуді ұсынған болатын. 

2023 жылдың 19 қаңтарында Мемлекет басшысы Қазақстан Парламенті палаталарының төрағаларымен және Премьер-министрмен Мәжілісті тарату және мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде консультациялар өткізді.

19 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісін тарату және депутаттардың кезектен тыс сайлау мерзімін тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. 

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз