Тоқаев Қытаймен азаматтық авиациядағы төтенше жағдай кезіндегі ынтымақтастық туралы заңға қол қойды

Сурет: Алматы әкімдігі
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтық әуе кемелерін авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" ҚР заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келісімнің мақсаты – Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын тәжірибесіне сәйкес апатқа ұшыраған әуе кемелеріндегі жолаушылар мен экипаждарды іздестіру және құтқару бойынша мемлекеттердің іздестіру-құтқару қызметтері арасындағы ынтымақтастықты күшейту.

Келісім көршілес мемлекеттердің әуе кемелерін іздестіру және құтқару саласындағы іс-қимылдарды үйлестіруді жеңілдетеді.

Парламентте құжатты талқылау барысында атап өтілгендей, іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және іске асыру өзара іс-қимылдың нақты алгоритмін қарастырады.

Атап айтқанда, іздестіру-құтқару аймақтарының шекарасы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасымен және оған іргелес жатқан аумақтар арасындағы шекарамен белгіленеді. Қазақстан мен Қытай аумағында, сондай-ақ іргелес аумақтардағы барлық іздестіру-құтқару жұмыстары әрбір мемлекеттің заңнамасына сәйкес іске асырылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты