Тоқаев мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткерлерді қоғамға іріткі салатын әрекеттен аулақ болуға шақырды

Сурет: akorda.kz
Сенат отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткерлерді қоғамға іріткі салатын әрекеттен аулақ болуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше аптадан кейін саяси науқан басталатыны еске салып өтті.

"Кандидаттар үгіт-насихат жұмысына кіріседі. Олар дауыс жинау үшін түрлі тәсілдерді қолданады. Бұл – қалыпты демократиялық үдеріс. Қазақстанда пікір алуандығына ешқандай шектеу қойылмайды. Заңға қайшы келмейтін барлық іс-әрекетке рұқсат беріледі".Қасым-Жомарт Тоқаев

Дегенмен ол үміткерлерге сайлау елді бөлетін емес, біріктіретін науқан болуы керек екенін ескертіп, осыны қаперде ұстауға шақырды.

"Тағы да айтқым келеді: үміткерлер қоғамға іріткі салатын әрекеттен аулақ болғаны жөн. Аңдамай айтылған артық сөз немесе ойланбай жасалған оқыс қадам бүкіл елдің болашағына кесірін тигізеді. Әрбір отандасымыз осыны дұрыс түсінуге тиіс".Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды