"Құтқарушы болу – қиын әрі қатерлі жұмыс. Шын мәнінде, бұл – нағыз ержүрек азаматтардың кәсібі" деген Президент төтенше жағдай мамандары жұмыс барысында талай рет ерлік көрсеткенін, оның қатарында Академияның түлегі Асқар Забикулин де бар екенін тілге тиек етті.
"Ер есімі – ел есінде". Батырлардың ерлігі ешқашан ұмытылмауға тиіс", – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ азаматтық қорғау жүйесі үнемі жаңғыртуды қажет ететінін айтты.
"Бүгінде озық әлемдік тәжірибені үлгі ету, заманауи технологияларды енгізу өте маңызды. Құтқарушыларды сапалы даярлауға ерекше назар аудару қажет. Бұл мәселеде, әрине, командирлер мен оқытушылар негізгі рөл атқарады. Осы ретте оқу жағдайы үлкен маңызға ие".Қасым-Жомарт Тоқаев
Бұған қоса Президент Үкімет Академияның материалдық-техникалық базасын нығайту мәселелерін пысықтап жатқанын, жатақхана мен оқу корпусын салу жоспарланғанын атап өтті.
"Жалпы, мемлекет еңбекақыны арттыру және құтқарушылардың әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз етілуін жақсарту үшін жүйелі шаралар қабылдап жатыр".Қасым-Жомарт Тоқаев