ЕАЭО шекарасында өзара саудадағы техникалық кедергілер жойылады: Тоқаев заңға қол қойды

Сурет: Zakon.kz
27 ақпан күні Мемлекет басшысы "Үшінші елдермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою тәртібі және шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Парламенті сенатының депутаттары16 ақпан күні үшінші елдермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою тәртібі және шарттары туралы келісімді ратификациялады.

Заң Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 55-бабын іске асыру үшін әзірленген және мүше мемлекеттердің үшінші елдермен Еуразиялық экономикалық Одақтың техникалық регламенттерін техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімдермен өзара саудасындағы техникалық кедергілерді жою тәртібі мен шарттарын айқындайды.

Министр бүгінгі таңда 52 техникалық регламент қабылданғанын, оның 45-і күшіне енгенін атап өтті.

Келісімді қабылдау Одақ пен үшінші елдер аумағында белгіленген міндетті талаптардың салыстырмалылығын анықтау негізінде сәйкестікті бағалау нәтижелерін өзара тануға жағдай жасайды.

Сондай-ақ келісім ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен үшінші елдер мен негізгі интеграциялық бірлестіктер арасында мүдделер теңгерімін сақтай отырып, саудадағы техникалық кедергілерді өзара жоюдың дамыған тетіктері мен шарттарының болуы арқылы өзара тиімді ынтымақтастықты құруға септігін тигізеді деп болжанып отыр.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз