Тоқаев жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды күшейтетін заңға қол қойды

Сурет: pexels
15 наурыз күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заңның негізгі мақсаты – жер қатынастары саласында заңдылықтарды бұзу бойынша жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының жауапкершілігін арттыру  және жер пайдалануды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органға аталған мәселелерге қатысты әкімшілік істерді қарау өкілеттіктерін беру.

Жалпы, заң жекелеген баптар бойынша жер заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті нақтылауға бағытталған.

Сонымен қатар жерді пайдалануға мемлекеттік бақылауды іске асыратын органдардың өкілеттіктерін қайта қарау көзделген.

Заң сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтып, жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды күшейтеді.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?