Оралда белгілі кәсіпкерді өлтірген күдіктілерге қатысты сот үкімі шықты

Сурет: Zakon.kz
Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты Оралдағы белгілі кәсіпкер Еркін Мұханғалиевті өлтірді деп айыпталған 32 жастағы Руслан Қожантаев пен 22 жастағы Тұрлан Амангелдіге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" порталының хабарлауынша, алқабилер соты күдікті екеуді кінәлі деп тапты.

"Судья үкім шығарды: Қожантаев пен Амангелді аса қатыгездікпен адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы кісі өлтіргені үшін кінәлі деп тану және барынша қатаң колонияда өтей отырып, 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау. Сондай-ақ сот жәбірленуші Үмбетованың азаматтық талабын ішінара қанағаттандырып, оған Қожантаев пен Амангелдінің 15 млн теңгеден төлеуін міндеттеді", делінген хабарламада.

Амангелді сотта өз кінәсін мойындамады. Амангелдінің ата-анасы да сот үкімімен келіспеді. Олар істің біржақты қарастырғанын айтып, тіпті жәбірленушінің өзі қаза тапқан Мұханғалиевті өлтіруге "тапсырыс берген" деп мәлімдеді.

Қорғаушы Марат Надыршин де сот үкімімен келіспеді, ол оны тым қатал деп санайтынын айтты, өйткені сотталушыларда сөз байласу болмағандықтан, барлығы импульсивті түрде жасалған, Мұханғалиев Қожантаевты қорлап, намысына тиген, сондықтан ол шыдай алмай ашуға берілген көрінеді. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ және оған қарсы шағымдануға болады.

2022 жылдың тамызында кәсіпкер Еркін Мұханғалиев қатыгездікпен өлтірілгені белгілі болды. Көптеген пышақ жарақаттары бар адам денесі П. Атоян атындағы стадионның тұрағынан табылды. Марқұмның бірнеше дәмханасы мен мейрамханалары болған.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді