Алматы облысындағы Әлия мен Болат Назарбаевтарға тиесілі жер телімдері мемлекетке қайтарылды

Алматы облысының прокуратурасы Әлия Назарбаева мен Болат Назарбаевқа тиесілі жер телімдерін мемлекеттің меншігіне қайтарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жалпы ауданы 2 мың гектар болатын жер телімдері Жамбыл және Қарасай аудандарында орналасқанын Алматы облысының прокуратурасы растады.

Ә.Н. Назарбаеваның атына "Жандану" шаруа қожалығы иелігі үшін жер телімдері Алматы облысы Жамбыл ауданының жер қорынан бөлінген. Бірақ прокуратура атап өткендей, бұл ретте кадастрлық құжатта екі қаулы бойынша да жалдау шарттары тіркелмеген, ал МЖК ААЖ базасында бұл туралы мәліметтер мүлде жоқ. Сонымен қатар, аталған жер телімдері бойынша Ә.Н. Назарбаева атынан ұсынылған "Жандану" ШҚ-мен жалға алу шарттары жасалмаған. 

Сондай-ақ, "Жандану" ШҚ-ға жер телімдерін беру кезінде заңнама талаптары бұзылған, сауда-саттық өткізілмеген.

"Жер телімін беру туралы шешім шығарар алдында жергілікті атқарушы орган оларды территориялық белгісіне сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша игерілу-игерілмеу жағдайын айқындауға, жер телімін алдын ала таңдауды жүзеге асыруға, жер комиссиясының қорытындысын дайындауға, жерге орналастыру жобасын әзірлеуі және бекітуі тиіс болатын. Жергілікті атқарушы органдар бұл жұмыстарды шешім қабылданғанға дейін жүргізбеген, сөйтіп жер беру тәртібі бұзылған". Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты

Нәтижесінде 2014 жылғы 15 қаңтардағы №4 жер телімін сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылды.

Болат Назарбаевтың жер телімдеріне келетін болсақ, ұсынылған құжаттарға сәйкес, 2016 жылы 13 шілдеде оған Алматы облысы Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылдық 2 округінде орналасқан учаске жалға берілген. Нысаналы мақсаты: жеке орман шаруашылығы.

Облыстық прокуратура "Айсам және Ко.Лтд-ға"(қазіргі" QazAgroCentre " ЖШС) ол жер заңнамасының талаптарын бұза отырып берілгенін нақтылады. 

Берілген жер телімі Қарасай ауданында орналасқан және Алматы қаласымен шектеседі. Оны пайдалану тәртібі мен режимін Үкімет анықтауы керек еді. Оның үстіне, жерге орналастыру жобасы жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдағаннан кейін әзірленіп, бекітілген. 

Бұған дейін Қосшыда құны 65 млн теңге болатын жер телімі мемлекетке қайтарылған болатын.

Алматы облысы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: