Колеса.kz-ға жалған хабарландыру орналастыру арқылы пайдаға кеңелген алаяқ ұсталды

Сурет: pexels
Полицейлер көлікті сату туралы жалған хабарландырулар жариялаған Көкшетау тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінгі таңда ақмола тұрғынының алаяқтық бойынша үш фактіге қатысы бар екені анықталды, ал жәбірленушілер еліміздің әртүрлі өңірлерінің тұрғындары болып табылады. Осы жылдың үш айы ішінде Көкшетау полициясына автокөліктерді сату туралы жалған хабарландырулар орналастырған интернет-алаяқтардың әрекетінен зардап шеккен азаматтардан бірден бірнеше өтініш келіп түсті.

“Тартымды” бағада автокөлікті сату туралы ұсынысты жәбірленушілер Колеса.KZ танымал жарнама сайтынан көріп, кейін көлік иесімен байланысқа шыққан. Алматының 33 жастағы тұрғынының айтуынша, ол Hyundai Tucson автокөлігін сатып алмақ болып хабарландыру авторымен байланысып, сатып алу-сату мәмілесі туралы келіскеннен кейін иесі хабарландыруды сайттан алып тастау үшін алдын ала төлем жасауды өтінген. Келіншек көрсетілген шотқа 50 мың теңге аударған соң көлік иесі байланысқа шығуды тоқтатқан. Осыған ұқсас өтініштер Алматы облысы мен Қарағанды қаласының тұрғындарынан келіп түсті.


"Барлық деректер бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Киберқылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін өткізді, нәтижесінде жалған хабарландырулардың авторы – Көкшетаудың 27 жастағы тұрғыны ұсталды. Ұстау кезінде жедел қызметкерлер заттай дәлел ретінде ұялы телефондар мен 60 SIM картаны тауып алып, тәркіледі. Полицейлер ұялы телефондарды тексерген кезде құны 17,2 млн теңге болатын автокөлікті сату туралы жалған хабарландыру орналастырылған аккаунт тауып алды", делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта жәбірленушіге қатысты қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, алаяқтық әрекеттерден зардап шеккен басқа жәбірленушілер белгіленіп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды