Шымкентте аудан әкімінің орынбасары аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Шымкент қаласында аудан әкімінің орынбасары аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қалалық аудан әкімінің орынбасары мен әкімдіктің бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

"Оларға адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы мегаполисті абаттандыру жөніндегі мемлекеттік сатып алу келісім шартын орындау кезінде кәсіпкерден қамқорлығы үшін 60 млн теңге мөлшерінде пара алды деп күдік келтіріледі. Шымкент қаласы сотының санкциясымен әкімнің орынбасары 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасуда". ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин

Өзге ақпарат жария етуге жатпайтыны, сондай-ақ ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз болып саналатыны да нақтыланады.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды