Атырауда 20 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды

Сурет: polisia.kz
20 сәуірде Атырау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру барысында халықаралық іздеуде жүрген 1975 жылғы Өзбекстан Республикасының азаматын анықтап, ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында шетелдік азамат Өзбекстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 97-бабының 2-бөлігі және 248-бабы 2-бөлігіне негізделген қылмыстық құқық бұзушылық, яғни қасақана адам өлтіру және заңсыз қару сақтау бойынша халықаралық іздестіру жарияланғаны анықталды.


Сурет: polisia.kz


"1975 жылғы шетел азаматының уақытша тұратын жерін тінту барысында Қазақстан аумағында тыйым салынған діни кітаптар мен дискілер тәркіленді. Аталған факті бойынша күдікті ұсталып, ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес қамауға алынды". Атырау облысы ПД

Айта кетсек, Түркістан облысында базардан діни кітаптар тәркіленіп, тексеруге жолданған болатын.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты