Тоқаев Үкімет пен ТЖ жөніндегі орталық арасындағы келісімді ратификациялайтын заңға қол қойды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Мемлекет басшысы "ҚР Үкіметі мен Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталық арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында оның болу шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутаттар келісімді 5 сәуірде ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ратификациялады.

Депутаттар алдында заң жобасын таныстырған Төтенше жағдайлар жөніндегі министр Юрий Ильин аталған келісімге 2022 жылдың 17 маусымында қол қойылғанын жеткізді. Министрдің айтуынша, Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталығына халықаралық ұйымдардан 6 млн доллар тартылған.


"Орталық халықаралық тәжірибені ескере отырып, жаңа әдістер мен ұсыныстарды дайындайды. Мен де Алматыда ұзақ жылдар тұрған адам ретінде ол мәселені түсінемін. Көптеген мердігер заңсыз жерлерге құрылыс жүргізеді. Сел қаупіне қатысты айтатын болсақ, тәуелсіздік жылдарында біз алғаш рет селден қорғайтын 3 жобаны жүзеге асырып жатырмыз", - деді министр.
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды