Шетел асырылған активтерді қайтару туралы заң жобасын әзірлеу неге созылып кетті

Сурет: Zakon.kz
ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапидің "қазіргі үкімет шетелге заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы заң жобасын әзірлеуді әдейі кешіктіріп жатыр" деген сынына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заң жобасын Әділет министрлігі әзірлеп жатыр. Сенат отырысы кулуарында Ботагөз Жақселекова қазір оны мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдары жан-жақты талқылап жатқанын айтты.
"Жақын арада заң жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланады. Халықтың да қарап, пікір білдіру мүмкіндігі бар. Заң жобасын жан-жақты талқылау үшін жұмыс белсенді жүргізілуде, өйткені мәселе кешенді. Бұл біраз уақытты алады". Ботагөз Жақселекова

Сәуірдің 26-сы күні Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ермұрат Бапи үкіметті заң жобасын әзірлеудегі жайбасарлығы үшін сынға алды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз